МГМ басшысы ресейлік мұнай импортынан бас тарту тиімсіз деп есептейді

размер шрифта: Aa | Aa
06.03.2012 10:25
Қазақстанға ресей мұнайын импорттаудан бас тарту тиімсіз, деп есептейді ҚР МГМ басшысы Сауат Мыңбаев.

Ол ресейлік мұнай Павлодар МӨЗ-іне және аздап Шмыкент МӨЗ-іне жеткізілетінін еске салды. «Тарихи қалыптасқан құбырлық инфрақұрылым мен жеткізілім логистикасы осындай болған. Бұл тәуелділіктен кетіп, біздің МӨЗ-дерге отандық мұнай жеткізуге бола ма? Жартылай алғанда мұндай жеткізілімдер Қазақстан-Қытай мұнай құбырын салған соң мүмкін бола бастады және темір жол арқылы тасып жеткізуге де болады», - деді С. Мыңбаев дүйсенбі күні мәжілістегі үкімет сағатында.

Сонымен қатар ол, Павлодар МӨЗ-і әу бастан-ақ ресейлік батыссібірлік мұнайға есептеліп салынғанын еске салды. Осылайша отандық мұнайды қолданғанда технологиялық сипаттағы қиындықтар туындап, онсыз да тапшы болып отырған ашық түсті мұнай өнімдерінің шығуы азаяды.

«Екіншіден, отандық мұнайды құбыр арқылы және теміржолмен тасымалдау тым қымбат болады», - деді ол.

С. Мыңбаев сондай-ақ, республикалық бюджет шығыны айтарлықтай болатынын, себебі экспорттық мұнай жеткізілімдеріне салынатын салық ішкі нарықтағыдан едәуір жоғары екенін атап өтті.

«Егер біз экспортты 7 млн тоннаға азайтып және оны ішкі нарыққа жіберсек, біздің бюджет жылына $1,8 млрдала алмай қалады», - деді министр.

Ол сондай-ақ Ресейге Қазақстанға мұнай жеткізу өздеріндегі экспорттық баж салығы барлығы себепті тиімсіз екенін атап өтті. Министр екі ел арасындағы келісім бойынша, 2014-ші жылдан бастап Қазақстан мен Ресей мұнайдың своп-операцияларын жүзеге асыра бастайтынын атап кетті.

«Біз Омбы-Павлодар мұнай құбырымен мұнай аламыз, ал тура сондай көлемдегі мұнайды Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы РФ-ға жеткіземіз», - деді ол.

Бұрындары С. Мыңбаев хабарлағандай, ҚР МГМ Ресейден ЖЖМ жеткізу кестесін үйлестіріп қойған.  

«Біз мұнай мен мен мұнай өнімдерінің (Ресейден жеткізілім туралы – ҚазТАГ) кестесін ауызша үйлестіріп қойдық. Осы туралы хаттамаға мен қол қойғанмын», - деді С. Мыңбаев 21 ақпан күні үкімет кулуарында.  

Бұл ретте ол екі елдің фискалдық органдарының «кілтипандары» бар екенін атап кетті. «Егер осыған қатысты фискалдық органдар үйлесім тапса, онда бұл мәселе тұрақталады», - деді министр.

Оның айтуынша, әңгіме Ресейден 1,6 млн тонна мұнай өнімдерін және 7 млн тонна шикі мұнай жеткізу туралы болып отыр.

Астана. 5 наурыз. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту