«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өткен жылы 12 341 мың тонна мұнай өндірді

размер шрифта: Aa | Aa
03.03.2012 10:33
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өткен жылы 12 341 мың тонна мұнай өндірді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«2011 жылы ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12 341 мың. тонна (тәулігіне 250 тыс. баррель) мұнай өндірді, бұл 2010 жылғыдан 944 мың. тоннаға немесе 7 пайызға аз», - делінген баспасөз ақпаратында.

Компанияның атап өтуінше, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы 5 082 мың. тонна (тәулігіне 102 мың. баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылғыдан 884 мың. тоннаға кем. Ал «Ембімұнайгаз» 2 818 мың. тонна (тәулігіне 57 мың. баррель), яғни өткен жылғыдан 18 мың.тоннаға артық өндірді. Соның арқасында, ӨМГ және ЕМГ компанияларының жалпы өндіру көлемі 2011 жылы 7 900 мың. тоннаны (тәулігіне 159 мың. баррель) құрады. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 866 мың. тоннаға немесе 10 пайызға төмен.

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту