Қарашығанақ жобасының табысы 20,7 млрд. долларды құрап отыр - С. Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
05.03.2012 10:33
Бүгінге дейін Қарашығанақ жобасының таза табысы 20,7 млрд. долларды құрады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Бүгінгі күні Қарашығанақ жобасы игерудің екінші кезеңінде тұр. Оның көлемі жыл сайын шамамен 11 млн. тонна сұйық көмірсутек және 14-15 млрд. текшеметр газ өндірумен сипатталады.  2012 жылғы қаңтарға дейін барлығы 114 млн. тонна сұйытылған көмірсутек және 136 млрд. текшеметр газ өндірілді. Жобаны іске асырудан бастап 2012 жылғы қаңтарға дейін өнім өндіру бөлімінде шамамен 38 млрд. доллар түсті. Одан мердігерге 17,3 млрд. доллардың инвестициялары қайтарылды», - деді С. Мыңбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні Қарашығанақ жобасының таза табысы 20,7 млрд. долларды құрайды. Мұнда республика табысы 9,3 млрд., ал қатысу үлесі 4,3 млрд. долларды құраса, мердігер 7,5 млрд. долларға ие болды.

«Сонымен нақты шығынды шегергеннен кейінгі жобаның таза табысындағы республиканың үлесі 64 пайызды құрайды», - деді С. Мыңбаев.

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту