Бүгінге дейін Қарашығанақ жобасының 10 пайызы ғана игерілген - Мұнай және газ министрі

размер шрифта: Aa | Aa
06.03.2012 10:35
 Бүгінгі күнге дейін Қарашығанақ жобасынан алынған шикізат көлемі кен орнының жалпы есептелген геологиялық қорының шамамен 10 пайызын ғана құрайды.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Министрдің айтуынша, Үкімет соңғы 2,5 жылда Қарашығанақ консорциумымен бірқатар даулы мәселелер бойынша келіссөздер жүргізді. 2011 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстанмен мердігер компаниялар арасында даулы мәселелерді реттеу бойынша келісім жасалды. Келісімге сәйкес даулы мәселелерді реттеу есебінен мердігер компания Қазақстанға жобадағы үлестің 5 пайызын береді. Бұдан бөлек тағы 5 пайызын 1 млрд. долларға сататын болады.

«Қазіргі сәтте тараптар негізінен келісімнің кейінге қалдырылған бірқатар шарттарын іске асырумен шұғылдануда. Бұл жұмыс 30 маусымға дейін аяқталуы тиіс. Тараптар кейінге қалдырған шарттардың барлығын ортақ келісіммен орындаған жағдайда реттеу туралы келісім күшіне енетін болады», - деді С. Мыңбаев.

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту