Қарашығанақ жобасын игеруден «ҚазМұнайГаз» компаниясы алдағы 5 жылда 5 млрд. долларға дейін қосымша табыс табады

размер шрифта: Aa | Aa
06.03.2012 10:36
Қарашығанақ жобасын игеруден «ҚазМұнайГаз» компаниясы алдағы 5 жылда 5 млрд. долларға дейін қосымша табыс табады.

 Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

«Қарашығанақ жобасына бүгінгі күні Қазақстан тарапының қатысу үлесі 10 пайызға дейін болып отырғаны белгілі. Егер, мұнай бағасы барреліне бүгін болжанып отырған 80 долларды құрайтын болса, 2012-2017 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» компаниясы ақша ағыны түрінде 3,3-5 млрд. долларға дейінгі қосымша табыс таба алатын болады. Оның ішінде дисконтталған ақша ағымы түріндегі табыс 1,4-2 млрд. долларға дейін жетеді. Ал, мұнай бағасының баррелі осы күнгі 110 доллар шамасында сақталатын болса, сәйкесінше «ҚазМұнайГаздың» иеленетін табысы да айтарлық арта түседі», - деді мұнай және газ министрі.

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту