Былтыр ашық түсті бензиннің бағасы Қазақстанда Ресейге қарағанда 20-30 пайызға төмен болды - Мұнай және газ министрі

размер шрифта: Aa | Aa
06.03.2012 10:44
Былтыр ашық түсті бензиннің бағасы Қазақстанда Ресейге қарағанда 20-30 пайызға төмен болды. Бұл көрші елден импортталатын мұнай өнімдеріне қарамастан орын алды. 

Бүгін Мәжілісте «Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету» және  «Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы» тақырыптарындағы Үкімет сағаты барысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

«Шекті мөлшер бағасы белгіленбейтін ашық түсті мұнай өнімдерінің  бағасы былтырғы жылдың күзіне дейін Ресей нарығына қарағанда төмен болды. Бұл Ресейден айтарлықтай импортқа қарамастан орын алды. Ал кейінгі көтерілген баға ашық түсті мұнай өнімдерінің барлық түрлерін жеткізудегі әкімшілік шектеулерге байланысты болды. Өйткені, көрші елдің нарығында да өз қиыншылықтары қалыптасқан еді. Жалпы алғанда ашық түсті бензиннің бағасы Қазақстанда Ресейге қарағанда 20-30 пайызға төмен. Бұл нағыз әлеуметтік мәні бар ұстаным болды», - дейді министр.

Оның айтуынша, қазіргі күні Қазақстанда ішінара импорттауға мәжбүр болып отырған авиакеросинді қоса алғанда ашық түсті мұнай өнімдеріне баға Ресеймен бірдей нәмесе сәл ғана жоғары.

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту