Былтыр ауыл шаруашылығына 800 мың тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен жеткізілді

размер шрифта: Aa | Aa
06.03.2012 10:45
Былтыр ауыл шаруашылығына 800 мың тонна дизель отыны жеңілдетілген бағамен жеткізілді.

Бүгін Мәжілісте «Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету» және  «Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы» тақырыптарындағы Үкімет сағаты барысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 2011 жылы қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарынан ауыл шаруашылығына жеңілдік баға бойынша 800 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Бұл дизель отыны шекті бөлшектегі сауда бағасынан 20 пайызға дейін арзандатылған еді. «Республиканың әлеуметтік өндірістік нысандары үшін тоннасына ең төменгі нарықтық құны 60-70 мың теңге кезінде 305 мың тоннадан астам мазут жеткізілді. Бұндай бағыттағы бағдарламалар биыл да жүзеге асатын болады», - дейді министр.

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту