Мұнай импорты арқылы біз инфляцияны да елімізге импорттап отырмыз - А. Милютин

размер шрифта: Aa | Aa
06.03.2012 10:54
Елімізге мұнай импорты арқылы біз инфляцияны да импорттап отырмыз.

Бүгін Мәжілісте «Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету» және  «Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы» тақырыптарындағы Үкімет сағаты барысында  депутат Александр Милютин осылай мәлім етті.

«Мұнайға әлемдік бағаның төмендеген кезеңінде біздің еліміздің ішкі нарығындағы бензин мен басқа да жанармай бағалары сол қалпы жоғары күйінде қалып отыр. Бұның өзі мұнай өнімдерінің ішкі нарықтағы айналым тетігінің жеткіліксіздігін білдіреді. Бұндай проблемалардың себептері айқын. Біріншіден, бұл - қазақстандық мұнай өндіру зауыттары шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі. Сондықтан да сапалы өнім шығарудың орнына мазутты көбірек өндіреміз. Екіншіден - елдің ішкі нарығының импортқа тәуелділігі. Дәл осы импортқа тәуелділік еліміздегі инфляциялық үдерістердің артуына қатысты басты фактор болып отыр. Яғни мұнай импорты арқылы біз инфляцияның импортына ұшырап отырмыз», - дейді депутат. Оның айтуынша, шикі мұнай импорты Шымкент пен Павлодар мұнай өңдеу зауыттары үшін де өзекті. Өйткені Ресейден шикі мұнайдың жеткізілмеуі зауытты толық қуатында жұмыс істеуден айырып, оның ақыры жанармай тапшылығы мен оның бағасының артуына әкеп соғады.

«Осы тұста Шымкент мұнай өңдеу зауытының проблемасын біз келешекте Құмкөл арқылы жабатын болсақ, Павлодар мұнай өңдеу зауытын отандық шикі мұнаймен қамту әлі де проблема күйінде қалатыны айқын», - дейді А. Милютин. 

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту