Сыр өңірі көгілдір отынды өзге аймақтармен салыстырғанда 6 есе артық тұтынады

размер шрифта: Aa | Aa
11.03.2012 12:25

 Бүгінгі таңда облыстың өзге аймақтарымен салыстырғанда Сыр өңірі 6 есе көгілдір отын тұтынумен ерекшеленеді.

«Қызылорда қаласының жылу қуат көздерін және тұрғын секторын ілеспе газға көшіру» жобасы аясында 2011 жылы республикалық бюджеттен 875 млн. теңге бөлініп, «Шанхай», «Сәулет», «КБИ» және «Жаңа ауыл» аудандарында газдандыру жұмыстары жүргізілді, 4 ГРП орнатылып, 137 шақырым жоғары және төменгі қысымды газ құбырларының құрылысы салынып, нәтижесінде 5870 жеке сектордағы және 15 көпқабатты тұрғын үйлер ілеспе газға қосылуға мүмкіндік алды.

Аталған жұмыстарды қоса есептегенде, өткен жылы аталмыш жоба толығымен аяқталды. 2004-2011 жылдары барлығы 594 көпқабатты тұрғын үй, 17 мыңға жуық жеке тұрғын үй көгілдір отынға қосылды.

«Қызылорда қаласының жаңа мөлтекаудандарын газдандыру» жобасына облыстық бюджеттен 79,0 млн. теңге қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Үстіміздегі жылы осы жоба аясында «Казтрансгазаймақ» қаржысы есебінен Әл-Фараби көшесінің аумағы, Қызылжарма каналының сол жақ беті, СПМК-70, Рисмаш, «Саяхат» мөлтекаудандарын және Әскери бөлім аумағын газдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 

2010-2011 жылдар ішінде жеке сектор аумақтарындағы тұтынушыларға 99 500 теңге көлемінде 1 жыл ішінде бөліп айыппұлдар ұсталмай төлеу бойынша Қызылорда облысының әкімдігі мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде газдандырылған жеке тұрғын үйлердің саны 2010 жылдың басында 3507 болса, қазіргі уақытта 17 330 жеке тұрғын үйді құрап отыр.

Автор: Жаңагүл Сердалы

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 наурыз. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту