Павлодар МӨЗ-ін жетілдіруді жапондық Hyundai Marubeni қаржыландыратын болады

размер шрифта: Aa | Aa
11.03.2012 16:54


Жапондық Hyundai MarubeniПавлодар МӨЗ-ін жетілдіруді қаржыландыратынболады, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

«Салынып жатқан «ҚазМұнайГаз» АҚ кәсіпорынның Нұрлан Балғымбаев бастаған дирекциясының күшімен қаржыландыру көзін таңдау бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын айтқым келеді. Бүгіндері Hyundai Marubeniконсорциуммен уағдаластыққа қол жеткізіліп, ол консорциум ПМХЗ-ды жетілдіруді қаржыландыратын болады», - деді ПМХЗ бас директоры Шухрат Данбай жексенбі күні Павлодарда жұмыс сапарымен жүрген премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетовтың қатысуымен өткен кеңесте.

Ш. Данбайдың айтуынша, зауытты жетілдірудің жобалық-сметалық құжаттарын (ЖСҚ) дайындау 2012 жылдың аяғында аяқталады, құрылыс 2013 жылы басталады да 2015 жылдың IV-ші тоқсанында аяқталады. Қазір кестеден артта қалу бар. Оны тек Hyundai Marubeni-мен ынтымақтастық арқасында жоюға болады.

«Біз желілік кестеден қалып келеміз. Бірақ шешім табылды, консорциум (Hyundai Marubeni – ҚазТАГ)өз қаражатына және алдын ала қаржыландыру арқылы ЖСҚ-ның бітуіне қарамай, ұзақ мерзім дайындалатын жабдықтарға тапсырыс береді. Ол жалпы мерзімді 11 айға қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Ш. Данбай.

«Жалпы алғанда біз кестеден ауытқымаймыз, және 2016 жылғы Евро-5 стандартындағы бензин шығарамыз», - деп атап көрсетті ол.

Бас директор 2012 жылы 5 млн тонна мұнай өңдейтінін, Павлодар бюджетіне акциздер түрінде Т6,5 млрд кіріс түсетінін айтып кетті.

Еске салсақ, ПМХЗ-ны түбегейлі жетілдірудің техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) итальяндық Eniкомпаниясы әзірлеген. Ол былтырғы қазан айында мемлекеттік сараптамадан өтіп, ПМХЗ техникалық кеңесінің және «ҚазМұнайГаз» ҰК инвестициялық комитетінің мақұлдауына ие болғанды. Инвестиция сомасы, ТЭН бойынша $1,69 млрд.

Бұрын хабарланғандай, Павлодар МӨЗ-ін жетілдірген соң оның қуаты жылына 7,5 млн тонна мұнайды 90%тереңдікпен өңдейді, және Евро-5 стандартына сай бензин шығара алатын болады.

Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) – Қазақстандағы ірі мұнай өңдейтін және мұнай өнімдерін сататын кәсіпорын. Павлодар МӨЗ-і бензин, дизелдік отын, реактивтік отын, мазут, газ, мұнай битумын, көкс, күкірт шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыттың жобалық қуаты жылына 7,5 млн мұнайды 85%тереңдікпен өңдеуге есептелген. Зауыт бастыссібірлік мұнай өңдеуге есептелген. ПМХЗ акционерлері «Refinery Company RT»ЖШС(«ҚазМұнайГаз – өңдеу жәнемаркетинг»еншілесі) - 58%, және «Самұрық-Қазына» - 42% акциялары.


Павлодар. 11 наурыз. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту