Маңғыстау облысындағы толқулардан соң жұмысқа орналастырылған 2 мыңнан астам мұнайшылар басқа мамандыққа қайта оқудан өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
13.03.2012 15:23

Маңғыстау облысында желтоқсандағы толқулардан соң жұмысқа орналастырылған 2 мыңнан астам мұнайшылар басқа мамандыққа қайта оқудан өтеді, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Қазір жұмысқа орналастырылғандар қайта оқудан өтуде. Өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелеріне өзгерістер енгізілуі себепті, осы жұмысшылардың барлығы міндетті түрде өндірістік қауіпсіздік оқуынан өтулері тиіс. Сондай-ақ қалауы барлар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниясының есебінен басқа мамандыққа оқи алады», - деді ҚМГ БӨ компаниясының персоналды дамыту және басқару департамент директоры Ботагөз Әшірбекова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Ақтау мен Жаңаөзенде ашылған жаңа компанияларға 2 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылған. Бұл ретте мұнайшылардың жалақылары ереуілдің алдыңғы деңгейінде қалды.

Еске салсақ, Жаңаөзенде 16 желтоқсанда жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. 17 желтоқсанда Шетпе стансасында тәртіпсіздіктер орын алды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Маңғыстау облысындағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 64 адам оқтан жарақаттанып, 14 адам қаза болды.

Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 125 нысан қиратылып, тоналды. Шетпе стансасындағы оқиғаларда 11 адам жарақаттанып, 1-еуі қаза болды.

ІІМ мәліметтерінше, 16-18 желтоқсанда полицияның 40 қызметкері әртүрлі жарақат алды.

ҚР президентінің жарлығымен Жаңаөзенде 2012 жылдың 5 қаңтарына дейін төтенше жағдай енгізілді. 4-ші қаңтарда ҚР президентінің жарлығымен ТЖ қаңтардың 31-не дейін ұзартылды.

Мұнайшыларды жұмысқа орналастыру үшін елбасының тапсырмасымен Ақтау мен Жаңаөзенде жаңа компаниялар құрылып, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» құрамындағы бөлімшелер ашылып, олардың штаттарына «АрғымақТранс Сервис» және«Қаражанбасмұнай»компанияларының бұрын ереуілдегені үшін жұмыстан шығарылған жұмысшылары орналастырылған болатын.  

Ақтау. 13 наурыз. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту