Маңғыстауда 1069 мұнайшы жұмыспен қамтылды

размер шрифта: Aa | Aa
13.03.2012 11:24
Маңғыстауда жұмыстан босап қалған 1069 мұнайшы жұмысқа алынды. Бұл туралы «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры Ботагөз Әшірбекова хабарлады.

Жұмыстан босап қалған жүмысшыларды еңбекпен қамту үшін екі жаңа кәсіпорын құрылған болатын. Бірі - Ақтау қаласындағы технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы, екіншісі - Жаңаөзен қаласында орналасқан «Бұрғылау жұмыстары басқармасы».

Жұмысқа орналасқандардың арасында ереуілге шыққан мұнайшылар да бар.

Олардың жалақысы бұрынғыдай мөлшерде сақталады.

АҚТАУ. 12 наурыз. ҚазАқпарат 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту