ҚР Мұнай және газ министрі С. Мыңбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау өңірінде жүр

размер шрифта: Aa | Aa
14.03.2012 11:26
Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында Маңғыстауға келген ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев облыс әкімі Бауыржан Мұхамеджановпен бірге алдымен, Қаражанбас кен орнында болып, ондағы жұмысшылармен кездесті.

С. Мыңбаев атап көрсеткендей, мұнайшылармен кездесу барысында мұнайдың қазіргі көлемдегі өндірілуі, оның қорының ұлғайтылуы, оған байланысты геологияға кететін қаржы көлемі, аймақтағы кен орындарының болашағы жайлы мәселелер әңгіме арқауы болды.

Мұнан кейін, ақпараттық-насихаттық топ Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентінде болып, ондағы тұрғындармен жүздесті.

Сапарын «Өзенмұнайгаз»  өндірістік мекемесінде жалғастырған министр, онда мекеме басшылығымен бірлескен жиын өткізді. Отырыста Елбасы Жолдауын саралай келе, жұмыссыздықтың алдын алу үшін жасалған шаралар жайы сөз болды.

«Ереуіл кезінде жұмыстан босап қалған адамдарға 2070 жұмыс орыны құрылған болатын. Бүгінгі таңда «Өзенмұнайгаз» бен «Қаражанбасмұнай» кен орындарындағы мұнайшыларды еңбекпен қамту жолға қойылуда. Олардың мыңға жуығы жұмысқа алынды. Алайда керекті техникалық құрал жабдықтар алынып, ауысымға арналған орындар шілде айына дейін салынып бітуі тиіс. Мұнан кейін мұнайшылар өз жұмысына кіріседі»,- деді ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

Бүгін С.Мыңбаев өңірдегі зауыттардың жұмысымен таныспақ.    

АҚТАУ. 13 наурыз. ҚазАқпарат 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту