«ҚазТрансОйл» акциялары биыл, ал «KEGOC» акциялары келер жылы «Халықтық IPO»-ға шығарылуы мүмкін

размер шрифта: Aa | Aa
14.03.2012 11:27
«ҚазТрансОйл» акциялары ағымдағы жылы, ал «KEGOC» акциялары келер жылы «Халықтық IPO»-ға шығарылуы мүмкін.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.

«Бүгінде «КазТрансОйл» мен «KEGOC» компаниялары өз акцияларын халықтың арасында орналастыруға дайындалуда. Қазіргі уақытта ол үшін халықаралық консультанттардың қатысуымен аталған компаниялар қажетті құжаттамаларын дайындау жұмыстарын аяқтауға жақын, сонымен қатар заңнамалық, салықтық және техникалық  жағдайларын сараптамадан өтізуде»,- деді ол.

Жоғарыда аталған екі компанияда өз акцияларын халық арасында орналастыруға дайын екендігін атап өткен Б.Сағынтаев: «Дегенмен де әлемдік экономиканың дамуында нақтылық болмауын ескере отырып, бірінші кезекте бағдарламада бекітілгендей «ҚазТрансОйл» компаниясын ағымдағы жылы ІРО-ға шығару қажет. Ал «KEGOC»-тың мерзімін 2013 жылға ауыстыру керек. Сіздер келіскен жағдайда бағдарламаны жүзеге асыру жоспарына сәйкесінше өзгерістер енгізу көзделеді», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының кезектен тыс 14-съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдан бастап халықтық IPO-ға «ҚазТрансОйл», «Кегог», «Эйр Астана» сынды компаниялар шығарылатындығын мәлім еткен болатын. «Халықтық IPO» бағдарламасы қарапайым жаңа бұқаралық жекешелендіру емес. Бұл лайықты өмір сүретін жаңа меншік иелерінің бұқаралық санатын қалыптастыру үдерісі», - деген еді Мемлекет басшысы.

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат 
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту