Қазақстан Республикасында электр энергиясының рыногы – ақиқат па?

размер шрифта: Aa | Aa
15.03.2012 10:45

Қолданыстағы «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына байланысты Қазақстанда электр энергиясының рыногы екі деңгейден– электр энергиясының көтерме және бөлшек рыноктарынан тұрады. Бұл ретте электр энергиясының көтерме рыногы төмендегі секторлардан тұрады:


- электр энергиясын жекелеп сатып алу-сату рыногы (екі жақты келісімшарттар рыногы);
- электр энергиясымен орталықтандырылған сауда саттық рыногы;
- теңгеруші рынок;
- жүйелік және қосымша қызметтер рыногы

Өкінішке орай, электр энергиясы көтерме рыногының қабылданған қызмет ету моделінің дамуы өз жалғасын таппады, электр энергиясының көтерме нарығының қызметін қамтамасыз ететін міндетті төрт сектордың үшеуі іс жүзінде жұмыс істемейді: электр энергиясының орталықтандырылған сауда саттық рыногы тиісінше дамымаған, имитациялық режимде теңгеруші рынок қызмет етеді, жүйелік және қосымша қызметтер рыногы толығымен импорттық жеткізімдерге байлаулы. Екі жақты келісімшарттар рыногының жұмысы да шүбәсіз емес, бірқатар ауытқулар мен кемшіліктер екі жақты келісімшарттардың ашық та айқын болмауымен байланысты.

Электр энергиясының бөлшек рыногының дамуы бөлігінде Қазақстан аймақтарының ішінде энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдар арасында бәсекелестік секторын ұйымдастыру жүзеге аспады. Іс жүзінде бөлшек рыногында электр энергиясын жеткізуді ЭҚҰ -мен жекелеген энергия таратушы ұйымдар жүзеге асырады, олардың әр қайсысы бүгінгі күні белгілі электр желісіне немесе желі аймағына қосылған барлық тұтынушыларға монопольды түрде қызмет көрсетуде.

Электр энергиясы рыногының моделімен қарастырылған секторлардың дамымауы келесі себептерге негізделген:

- тәуелсіздігіміздің басында Үкімет электр энергиясының рыногын құру туралы шешім қабылдады, электр энергиясы рыногының моделі шетелдік кеңесшілерді жұмылдыру арқылы, батыстық үлгіде либерализация мен коммерциализацияға бет алыста, орталықтандырылған жоспарлы экономикадан шыққан, саланың ерекшелігі ескерілмей әзірленген;

- саланы реформалауда айқын және жүйелі саясаттың болмауы саланың дамуына тежеу болды, атап айтқанда 2009 жылы генерация рыногы энергия өндіруші ұйымдар топтары бойынша электр энергиясына мөлшерлі тарифтермен шектелді, яғни шындығында рыноктық бәсекелестік қағидаларына негігделген еркін баға құрылу тоқтатылды. Осылайша, енді электр энергиясына объективті бағалардың қалыптасуына мемлекеттік органдар жауапты (қазіргі уақытта мемлекеттік органдар кепілдік беретін жеткізушілердің энергия беруші ұйымдары мен энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдардың тарифтерін реттейді);

- электр энергиясы мен қуатының рыногын құру өкінішке орай электр энергиясы рыногының барлық субъектілері үшін ортақ іс болмады, бұл қағида заңмен бектілмеді. Рынок субъектілері арасында электр энергиясының рыногын министрлік, жүйелік және рыноктық операторлар құру тиіс деген пікір қалыптасқан, ол мүлдем дұрыс емес. Рынокты қалыптастыруға рыноктың барлық субъектілері қатысуы керек.

Жоғарыда аталғанда ескере келе, қазірдің өзінде міндетті электр энергиясы мен қуаты рыноктарына негізделген электр энергиясы рыногын одан әрі дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажеттілігі туып тұр.

Өз кезегінде «КОРЭМ» АҚ 2012 жылдың 1 тоқсанында жаңа тұжырымдаманың жобасын дайындауды аяқтайды және электр энергиясының барлық субъектілері оны соңына дейін әзірлеуге белсенді қатысады деп үміттенеді.


Басқарма Төрағасы С.Ә. Тиесов

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту