Қазақстан үкіметі бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізімін бекітті

размер шрифта: Aa | Aa
15.03.2012 12:20


Қазақстан үкіметі бағаларына мемлекеттік реттеу қойылатын мұнай өнімдерінің тізімін бекітті. Сәйкес қаулы бейсенбі күні ресми БАҚ-тарда жарық көрді.

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңына сәйкес ҚР үкіметі қаулы етеді: қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары бекітілсін», - делінген ресми ақпаратта.

Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдерінің тізіміне келесі маркалы бензиннің бөлшек саудасы енгізілді: АИ-80; АИ-92; АИ-93 және дизель отыны (жазғы, маусымаралық).

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Мұның алдында ҚР мұнай және газ министрлігінің (МГМ) баспасөз қызметі хабарлағандай, 2012 жылдың наурызында Қазақстанның ЖҚС-тарында шекті бөлшек баға ақпан айындағы деңгейде сақталды.

«ҚР мұнай және газ министрлігінде ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және ЖЖМ баға қалыптастыру тетігі мәселелері жөніндегі кезекті кеңесте қабылданған шешімге сәйкес, 2012 жылдың наурызында республиканың ЖҚС-тарында шекті-бөлшек бағалар бекітілді: АИ-92/93 бензині - 106 теңге/литр, АИ-80 бензині - 86 теңге/литр және дизель отыны - 90 теңге/литр», - делінген МГМ-нің ақпаратта.

 ҚР үкіметі 2009 жылдың желтоқсанынан бері мұнай өнімдерінің бөлшек бағасына шекті баға белгілеп келеді. 

Астана. 15 наурыз. ҚазТАГ 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту