«ҚазМұнайГаз» АҚ әкімшілік-басқару қызметкерлері 23 % қысқартылды

размер шрифта: Aa | Aa
16.03.2012 11:05

«ҚазМұнайГаз» АҚ әкімшілік-басқару қызметкерлері 23 % қысқартылды, деп көрсетілген«Самұрық-Қазына»Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мәліметінде.

Бейсенбі күні бірқатар мәселелер қарастырылған «ҚазМұнайГаз» АҚ директорлар кеңесінің кезекті жиналысы өтті. Атап айтқанда, ҚМГ басшысы Ләззат Киіновтың хабарлауынша, компанияның әкімшілік-басқару қызметкерлері 23 % қысқартылды.

«Киіновтің мәліметі бойынша, оңтайландыру мақсатымен «ҚазМұнайГаз» АҚ әкімшілік-басқару қызметкерлері 23% қысқартылды, сонымен қатар, бұл қысқарту жұмыстары әлі де жалғасуда», - делінген бейсенбі күні мемлекеттік қор сайтында.

 Сонымен қатар, отырыста «ҚазМұнайГаз» АҚ директорлар кеңесінің басшысы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы төрағасы Ө. Шөкеевтің соңғы айдағы компания қызметіндегі шешуші өзгерістері жайлы есебі тыңдалды. Атап айтқанда, ол ҚМГ өндірістік қызметінің түрлі бағыттарындағы шешуші көрсеткіштерінің динамикасы туралы директорлар кеңесін ақпараттандарды.

Ө.Шөкеев ҚМГ ұйымдастыру құрылымында оңтайландыру аясында мұнай және газ қорларын барлауды қамтамасыз етуге жауапты бизнес-бағыттар күшейтілді, мұнай химиясын дамыту мен мұнай және газды өндіру, көлікпен жеткізу бойынша профилді бизнес-бағыттар қарқындылығын арттырды, деп хабарлады.

«Оңтайландыру нәтижесінде өкілеттіліктерді қайталауды болдырмау, басқарушы қызметкерлердің алдарында тұрған міндеттерді орындау үшін жауапкершілікті арттыру бойынша жұмыс жүргізілді», - деді ол.

Директорлар кеңесімен «ҚазМунайГаз» компаниясының қайта құрылымдау бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. « 5-6 бизнес-бағытты анықтау керек. Осы категорияға жатпайтын барлық профилді емес активтер бәсекелестік ортаға өтуі немесе қысқартылуы керек», - деп осыған орай, Ө.Шөкеев тапсырма берді.

Бұдан басқа, стратегия және инновация жөніндегі комитеті, тағайындаулар мен сыйақы жөніндегі комитеті директорлар кеңесі барысында отырыста құрылым бекітілді.

«ҚазМунайГаз» Ұлттық компания» АҚ – Қазақстанның мұнай газ саласында мемлекет мүддесін қорғайтын көмірсутегін шығару, барлау, тасымалдау және қайта өңдеу бойынша ұлттық қазақстандық оператор. ҚМГ акцияларының 100% «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына» АҚ жатады.

Астана. 15 наурыз. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту