Куба елшісі қазақстандық компанияларды Мексика шығанағындағы мұнай кеніштерін игеруге шақырды

размер шрифта: Aa | Aa
19.03.2012 12:27

 Куба елшісі Эрнандес Феррер қазақстандық компанияларды Мексика шығанағындағы кубалық бөлігінде мұнай кеніштерін игеруге шақырды.


«Мен Мексика шығанағының кубалық бөлігінде де мұнай бар деп ойлаймын. Бірақ бізде технологиямыз жоқ, сондықтан «ҚазМұнайГаз» сынды ірі компания біздің территориямыздағы мұнай өндіруге қызығушылық танытқанын қалаған болар едік», - деді ол дүйсенбі күні ҚР СІМ Ержан Қазыхановпен кездесуінен соң журналистерге.
Сондай-ақ Э. Феррер Қазақстан мен Куба арасындағы ынтымақтастықты нақты экономикалық мазмұнмен толықтыру қажеттігін атап өтті.
«Біз қазір біздер үшін тиімді болады-ау деген тұстарды талқыладық. Мысалы, біз Қазақстанға рак және басқа аурулармен күреске қажет дәрілерді сатып алуды ұсындық. Қазақстаннан біз қара және түрлі-түсті металлургия тауарларын алған болар едік», - деді кубалық дипломат.
Ол сондай-ақ кубалық ғалымдардың қазақстандық ұлттық биотехнологиялар орталығымен ынтымақтастығын дамытуды ұсынды. Э. Феллер келешекте қазақстан-кубалық бірлескен биотехнологиялық өнім шығарылуы мүмкін деген болжам айтты.
Одан басқа, елшінің пікірінше, екі ел арасында спорт және білім саласында қарым-қатынасты дамытуға болады.



Астана. 19 наурыз. ҚазТАГ – Анастасия Прилепская.



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту