МГМ басшысы сәуір айында мемлекет бақылап отырған мұнай өнімдерінің бағалары көтерілуі мүмкіндігін жоққа шығармайды

размер шрифта: Aa | Aa
27.03.2012 14:32

ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Brent маркалы мұнай бағасының көтерілуі себепті сәуір айында мемлекет бақылауындағы мұнай өнімдерінің шекті бағаларының көтерілуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.

 
«Баға көтерілуі, немесе көтерілмеуі – ол тапшылықтың бар-жоқтығына байналысты болады. Жаңа тәртіп бойынша, бағаны ТМРА (табиғи монополияларды реттеу агенттігі – ҚазТАГ) бекітеді, бірақ министрлік (МГМ – ҚазТАГ) бағаға өз негіздемесін береді. Біз Brent бағасының көтерілуі себепті, сәуір айында бағаны көтеретін шығармыз. Ал ТМРА қандай шешім қабылдайтынын айта алмаймын», - деді С. Мыңбаев сейсенбі күні үкімет кулуарында.
Бұл ретте ол ЖЖМ шекті бағасын сәуір айында қаншаға көтеретінін нақтыламады.
Еске салсақ, 2009 жылы үкімет ай сайын мұнай өнімдеріне шекті бағаны бекітеді. Бұрын хабарланғандай, 25 наурызда енгізілген жаңа ережелерге сай, мұнай өнімдерінің бағасы мұнай өнімдерінің әлемдік баға котировкасын, сондай-ақ бағаға ресейдің әсер ету факторын және қазақстандық мұнай өнімдері нарығының ерекшелігін ескереді.
Одан басқа, мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы шекті бағасы әлемдік мұнай бағасын ескере отырып жасалған кесте бойынша анықталады. Аталған кестені мұнай және газ министрлігі жасап, ай сайын ТМРА-ға тапсырып отырады. Бұл ретте бөлшек саудадағы сатушылар аталған мұнай өнімдерінің бекітілген шекті бағасынан  асырмауы тиіс.
Еске салсақ, 2012 жылы наурызда шекті бағалар келесідей болып бекітілген: бензин АИ-92/93 - 106 теңге/литр; бензин АИ-80 - 86 теңге/литр; дизель отыны - 90 теңге/литр.


Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту