Басты экспорттық тауарлар экспортының индексі KZ_Exp өткен күні 14.09 тармаққа түсті

размер шрифта: Aa | Aa
30.03.2012 11:45


Алдыңғы қатарлы шикізат биржаларындағы соңғы өткен сауданың қорытындысы бойынша басты экспорттық тауарлар құнының индексі KZ_Exp 1031.27 тармақты құрады.


Осының алдындағы сауда күніне қатысты индекстің мәні 14.09 тармаққа түсті.
Brent маркалы мұнай бағасының  ICE биржасында  $122.39/барр-ге түсуі және мыс бағасының $120.5-ке арзандап, $8360/тоннаға дейін түсуі индексті 13,77 тармаққа түсірді. Одан басқа, алтын, мырыш, алюмини бағалары арзандап, индексті 0,37 тармаққа түсірді. Алюминиден басқа экспорттық тауарлардың бағасының түсуі де индексті 0,49 тармаққа түсірді. Күміс пен қорғасын бағасының көтерілуі индексті аздап 0,05 тармаққа ғана көтеірді. Уран бағасы бұрынғы $51/фунт деңгейінде қалып отырғанын айтуымыз керек.
Индекс күн сайын Қазақстан үшін 8 негізгі шикізат келісімшартының биржадағы бағасының негізінде қалыптасады, бұлар – мұнай, мыс, алтын, мырыш, алюминий, күміс, қорғасын, уран.
Іс жүзінде индекстің мәні аталған тауарлардың бір тоннасының эскпортының орташа құнын көрсетеді. Аталған тауарлар 2010 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық экспорттың баға көрсеткішінің 75,5% бойынша қалыптасты.
Бұл индекс елімізге экспорттық түсімдер мен негізгі экспорттаушы-компаниялардың қаржылық жағдайын бағалау құралы бола алады. Бұл көрсеткіш сондай-ақ, макроэкономикалық көрсеткіштердің қайсысына қысым туындап отырғанын көрсете алады.
Индексті есептеу базасы ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экспорттық-импорттық статистикасы болып табылады.

Алматы. 30 наурыз. ҚазТАГ


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту