«Оралмұнайгазгеология» АҚ геологтар күнін атап өтпек

размер шрифта: Aa | Aa
02.04.2012 11:50
Орал қаласындағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Оралмұнайгазгеология» АҚ бүгін, 1 сәуірде геологтар күнін атап өтпек.

Осы күні мерекелік жиын болып, табыстар мен алдағы іс-жоспарлар әңгіме арқауына айналып, ардагерлерге құрмет көрсетілмек.

Осыдан 52 жыл бұрын облыс аумағында мұнай мен газ іздеу мақсатында трест құрылған болатын. Кейін ірі бұрғылаушы кәсіпорынға айналған «Оралмұнайгазгеология» АҚ-ның басты табысы - Қарашығанақ кенішінің ашылуы. Сондай-ақ Чинарев кеніші де көпке белгілі.

Компанияның бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Әлібек Баесовтың айтуынша, осы кезең ішінде 400-ден астам ұңғыма бұрғыланған, 22 көмірсутекті шикізат кен орны ашылған. 1993 жылы Азиядағы ең терең ұңғыма Долинный (7006 метр) бұрғыланды.

Қазіргі кезде ұжымда 350-дей адам еңбек етеді.

ОРАЛ. 1 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту