Мұнай министрі Ресейден импортталатын бензиннің бағасы қымбаттау мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ

размер шрифта: Aa | Aa
04.04.2012 10:32

ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев Ресейден импортталатын бензиннің бағасы қымбаттау мүмкіндігін жоққа шығарған жоқ.

«Біз Ресей Федерациясынан импорттаймыз, ол жақта қымбаттаса, біз импорттайтын бөлігіндегі баға да көтерілетіні анық. Қаншаға қымбаттайтынын білмеймін», - деді С.Мыңбаевсейсенбі күні үкімет отырысынан кейін.

Еске сала кетейік, БАҚ-тардың хабарлауынша, Ресейде ЖЖМ бағасы, соның ішінде бензин де қымбаттайды деген болжам бар.

РФ-да баға Владимир Путиннің 7 мамырда өтетін инаугурациясынан кейін қымбаттайды деп күтілуде.

Астана. 3 сәуір. ҚазТАГ 

Әсел Қожағұлова. 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту