Семей қаласындағы «Гелиос» ЖШС-де жанар-жағармайдың қымбаттауына қатысты монополияға қарсы ведомство еш себеп таппады - мекемеге 2,3 млн. теңге айыппұл салынды

размер шрифта: Aa | Aa
03.04.2012 10:40
 Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Гелиос» ЖШС-іне 2 млн. 286 мың 490 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотынан мәлім болғандай, «Гелиос» мекемесі мемлекеттің кірісіне салынған айыппұлдың толық сомасын өтеді.

Монополияға қарсы орган өкілдері тексеру барысында анықтағандай, бензин нарығының бірқатар ірі субьектілері, оның ішінде «Гелиос»,  Семей қаласының тауар нарығында жанар-жағармай үшін өзаа келісілген баға белгілеген.

ӨСКЕМЕН. 2 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту