«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» Халықаралық консорциумының бас директоры тағайындалды

размер шрифта: Aa | Aa
03.04.2012 10:41

 Дамиано Ратти «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» Халықаралық консорциумының бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Ол бұл лауазымда Джузеппе Пазиді алмастырды.

Сондай-ақ Лука Виньяти өндіріс бойынша директор және бас директордың орынбасары ретінде қызметке кірісті.

Дамиано Ратти 2006 жылы «БиДжи Групп» мекемесінде өндіріс бойынша атқарушы директор болып қызметін бастады. Ол осы қызметке тағайындалмас бұрын  «БиДжи Италия» басқармасының төрағасы және бас атқарушы президент қызметін атқарған.

Дамиано Ратти «БиДжи Групп» компаниясынан бұрын Нидерландыда, Франция мен Италияда «Шелл» компаниясының құрылымында басшы қызметтер атқарған.

Лука Виньяти техника, басқару саласында жоғары деңгейдегі жетекші қызметте үлкен тәжірибеге ие. Ол Норвегияда, Тунис пен Ұлыбританияда және Түрікменстанда халықаралық жобаларда еңбек еткен.

Ол осы қызметке тағайындалмас бұрын «Аджиба-Египет» құрылымының басқарушы директоры болған.

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту