Қазақстанның геологиялық саласын дамытудың жаңа тұжырымдамасы мамыр айында бекітілуге тиіс - ИЖТМ

размер шрифта: Aa | Aa
06.04.2012 10:24


 Қазақстанның геологиялық саласын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы мамырда бекітілуге тиіс, деп хабарлады ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев.

«Бұл жоба (геологиялық саланы дамыту тұжырымдамасы - ҚазТАГ) үкіметтің тапсырысы бойынша жасалды. Біз оны талқылауды сәуір айында аяқтауға тиіспіз. Мамырда өңделген нұсқасын үкіметке таныстырып, бекітуге тиіспіз», - деді ол бейсенбі күні жер қойнауын пайдаланушылармен кеңесте.

Оның айтуынша, келесі қадам саланың жаңа стратегиясын жасау болады, оның негізінде ұзақ мерзімді жоспар әзірленеді.

Кеңесте тұжырымдаманың жобасын Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарының жер қойнауын пайдаланушы компанияларының өкілдері талқылады. 

Қарағанды. 5 сәуір. ҚазТАГ


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту