Қаңтар-ақпанда ҚМГ-ның жиынтық кірісі Т98 млрд құрады – Шөкеев

размер шрифта: Aa | Aa
06.04.2012 10:28


 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) жиынтық кірісі қаңтар-ақпанда Т98 млрд құрады, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев.

«ҚМГ компаниялары бойынша жиынтық кіріс 98 млрд теңгеге жуық», - деді ол бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның айтуныша, мұнай мен газ конденсатын өндіру 3,5 млн тоннаны құрады.

«(Мұнай өндірудің - ҚазТАГ) аздап 3%-ға төмендеуі Қазақстанның батысындағы аномалиялық ауа райы жағдайларына байланысты. Бірақ олқылықтың орнын келесі тоқсанда толтырамыз деп ойлаймыз. Мұнай өңдеу - 2,6 млн тонна, магистральді құбыр желілерімен мұнай тасымалдаы - 10,6 млн тонна», - деді ол.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу, тасымалдау бойынша ұлттық оператор. ҚМГ ҰК акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі. 



Астана. 5 сәуір. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту