Мұнай өнімдерінің шекті бағаларының деңгейі РФ-дан олардың импортын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді – Мыңбаев

размер шрифта: Aa | Aa
09.04.2012 11:50

Мұнай өнімдерінің шекті бағаларының деңгейі Ресейден олардың импортын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев.

«ТМРА белгілеген шекті бағалардың деңгейі өте жақын, бірақ импорт жүріп жатыр, жағдай қалыпты», - деді С.Мыңбаев дүйсенбі күні үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бағалардың деңгейі нарық конъюктурасын ескере отырып түзетілетін болады.

Бұрын хабарланғандай, табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) бағасы мемлекеттік реттеуге жататын ЖЖМ өнімдеріне шекті баға белгілеген.

Мұнай және газ министрлігі шекті бағаны есептеу үшін ұсынған көрсеткіштерге түзетулерді ескере отырып, 6 сәуірден бастап дизель отынының бағасы литрі үшін Т95, Аи–80 - Т91; Аи–92 - Т112 құрайды.

Аталған бұйрық Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрлігі, мұнай және газ министрлігімен келісілді.


Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ– Айгүл Түлекбаева. 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту