ҚМГ сатып алулардың ашықтығын арттыру үшін тендерлік комиссия құрамына «Нұр Отан» және «Атамекен» өкілдерін тартып отыр

размер шрифта: Aa | Aa
10.04.2012 12:01
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) тендерлік процедуралардың ашықтығын және жариялығын күшейту мақсатында сатып алу процесіне қатысу үшін барлық әлеуетті қызмет көрсетушілерге бірдей жағдай жасауға, тауарлар, қызметтер көрсетуде қазақстандық қамту үлесін арттыру, қызмет көрсетушілердің арасында жағымды бәсекелестікті қалыптастыруға  бақытталған шаралар кешенін жүзеге асыру мақсатында тендерлік комиссиялардың толыққанды мүшелігіне «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының (ҚҰЭП) өкілдерін тарта бастады, делінген ҚМГ таратқан хабарында. 

ҚМГ-ның сатып алу ісінде қазақстандық қамту үлесін арттыру мақсатында компанияның Сатып алуды ұйымдастыру департаменті аймақтарда тұрақты көшпелі мәжілістер өткізіп келеді. Мұндай көшпелі мәжілістер Ақтау, Жаңаөзен, Петропавл және Өскемен қалаларында өткізілді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да тұрақты өтіп тұратын болады. Сатып алатын тауарлар мен қызметтерге қажеттілік жөнінде отандық кәсіпкерлермен жүйелі ақпараттық жұмыс жүргізіліп, конкурстарды ұйымдастыру ережелері мен тендерлік құжаттарды дайындау жан-жақты түсіндіріледі.
Тендерлік процедуралардың ашықтығын және жариялығын күшейту жөніндегі жұмыстың басты кілті ретінде «ҚазМұнайГаз» Интернет жүйесін пайдаланып отыр. Отандық өндірушілер жоспарланған сатып алу туралы ғаламтордан біле алады. Компания сайтының  www.kmg.kz  «Сатып алу» бөлімінде компанияның негізгі еншілес кәсіпорындары жақын арадағы бес жыл ішінде жоспарланған сатып алатын тауарлардың каталогы орналасқан. Қазіргі уақытта 2012-2016 жылдарға арналған Каталог жарияланған. Үстіміздегі жылғы сатып алу жоспары компания  тобына кіретін барлық ұйымдардың сайттарында берілген.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту