Қарағандыда жер қойнауын пайдаланушылар 2030 жылға дейінгі Қазақстанның геологиялық саласын дамыту тұжырымдамасын жобасын талқылады

размер шрифта: Aa | Aa
06.04.2012 16:04
Бүгін Қарағандыда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушы-компанияларының аймақтық кеңесі өтті.

Кеңес қатысушылары 2030 жылға дейінгі Қазақстанның геологиялық саласын дамыту тұжрымдамасының жобасын талқылады.

«Біз өңірлерге жұмыс сапарын жасау барысында жер қойнауын пайдаланушылармен және жүйе құрушы мекемелермен кездесулер өткізудеміз. Бұл кездесулерде проблемалы сұрақтар, сондай-ақ қазақстандық үлес мәселесі талқыланады», - деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Жуырда геологиялық саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасын қабылдайтын уақыт келеді, деп атап өтті ол.

«Тұжырымдаманың жобасы Үкіметтің тапсырмасы бойынша жасалды. Біз бұл жобаны сәуірде талқылап бітуіміз қажет, ал мамыр айында Үкіметке бекітуге беретін қорытынды нұсқаны ұсынуымыз қажет», - деді вице-министр.

Бүгінгі күні геологиялық саланы дамыту елдегі ең басым мәселелердің бірі болып табылады, деп атап өтті ол. «Елбасының тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта геологияны дамытуға сұраныс артып келеді. Осыған байланысты геологиялық жұмыстарды атқару бойынша мемлекеттің тарапынан бөлінетін субсидиялар артуда», - деді Н. Сауранбаев.

Оның сөзіне қарағанда, шикізаттың құрамы төмен кен орындарын игеру, оларды айналымға енгізу үшін жаңа технологияларды тарту мәселесі қарастырылады.

Оған қоса, жер қойнауын пайдаланушылар жөніндегі қазіргі заңнамаға өзгертулер енгізіледі, деп тілге тиек етті вице-министр. «Қазіргі уақытта біз бейінді қауымдастықтармен бірге ұсыныстар дайындап жатырмыз», - деді ол.

ҚАРАҒАНДЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту