Мұнайдың ағымдағы бағасы сақталатын болса ТМД экономикасы 2012 жылы 4,9 пайызға дамиды

размер шрифта: Aa | Aa
06.04.2012 16:07
Мұнай бағасы ағымдағы деңгейде сақталатын болса, 2012 жылы ТМД экономикасының дамуы орта есеппен  4,9 пайызды, ал 2013 жылы 5,2 пайызды құрайтын болады.

Бұл тұжырымды Еуразия даму банкінің Талдау басқармасы шығарған «ТМД макромониторы» басылымы жасап отыр.

Халықаралық қаржы институты баспасөз қызметінің хабарламасына қарағанда,  сарапшылардың айтуынша ТМД елдері экономикасының дамуындағы негізгі фактор мұнай бағасы болып отыр. Сол себепті олар аймақтың дамуының 2 баламалы  сценарийі жасаған. Мәселен мұнайдың ағымдағы бағасы (1 баррель  115 АҚШ доллары)  өңірдің дамуын орта есеппен 2012 жылы 4,9 пайызға, 2013 жылы 5,2 пайызға дейін жылдамдатпақ.  Ол 90 долларға дейін төмендеген жағдайда экономиканың дамуы 2012 жылы - 3,2, ал 2013 жылы - 3,9 пайызға дейін баяулайды.

АЛМАТЫ. 5 сәуір. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту