«ҚазМұнайГаз» қазақстандық үлесті арттыру бойынша жұмыстарды күшейтуде

размер шрифта: Aa | Aa
11.04.2012 16:09
 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тауарлар, қызметтер көрсетуде қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру, қызмет көрсетушілердің арасында жағымды бәсекелестікті қалыптастыруға бақытталған шаралар кешенін жүзеге асыруда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

 Атап айтар болсақ, ҚМГ тендерлік комиссиялардың толыққанды мүшелігіне «Нұр-Отан» халықтық-демократиялық партиясының, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының өкілдері шақырылуда.

 Тағы бір айта кетерлік жәйт, сатып алу ісінде қазақстандық мазмұнның үлесін арттыру мақсатында компанияның Сатып алуды ұйымдастыру департаменті аймақтарда тұрақты көшпелі мәжілістер өткізіп келеді. Мұндай көшпелі мәжілістер Ақтау, Жаңаөзен, Петропавл және Өскемен қалаларында өткізілді. Осындай шаралар алдағы уақытта да тұрақты өтіп тұратын болады.

 Сатып алатын тауарлар мен қызметтерге қажеттілік жөнінде отандық кәсіпкерлермен жүйелі ақпараттық жұмыс жүргізіліп, конкурстарды ұйымдастыру ережелері мен тендерлік құжаттарды дайындау жан-жақты түсіндіріледі.

 Тендерлік процедуралардың ашықтығын және жариялығын күшейту жөніндегі жұмыстың басты кілті ретінде «ҚазМұнайГаз» Интернет жүйесін пайдаланып отыр. Отандық өндірушілер жоспарланған сатып алу туралы ғаламтордан біле алады. Компания сайтының www.kmg.kz «Сатып алу» бөлімінде компанияның негізгі еншілес кәсіпорындары жақын арадағы бес жыл ішінде жоспарланған сатып алатын тауарлардың каталогы орналасқан.

 Қазіргі уақытта 2012-2016 жылдарға арналған каталог жарияланған. Үстіміздегі жылғы сатып алу жоспары компания тобына кіретін барлық ұйымдардың сайттарында берілген.

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту