Бейжіңде VI Ресей-Қытай-Қазақстан мұнай-газ форумы ашылды

размер шрифта: Aa | Aa
11.04.2012 16:11
Бүгін Бейжіңде  VI Ресей-Қытай-Қазақстан мұнай-газ форумы ашылды.

Алқалы басқосуда сөйлеген ШЫҰ Хатшылығының кеңесшісі Сабыр Имандосов атап өткендей, 6  мемлекетті біріктіретін Шанхай ынтымақтастық ұйымы өңірде тұрақтылық пен экономикалық өрлеу жетістіктеріне жету үшін ерекше ден қояды.

Оның сөзіне қарағанда, ШЫҰ қатысушы-мемлекеттер экономикалық ынтымақтастықты, энергетиканы қоса алғанда жандандыруға бағытталған дәйекті алғышарттар айтарлықтай жағымды. ШЫҰ мемлекеттерінің аумағында ірі мұнай-газ құбылары жұмыс істейді немесе құрылуда. Мәселен, Каспий құбыр жүргізуші консорциумы, Шығыс Сібір - Тынық Мұхит, «Орталық Азия-Қытай» газ құбыры. «Егер де ШЫҰ-ны Азия-Тынық мұхит өңірі ретінде қарастыратын болсақ, онда энергетикалық нарық дамуының қарқындылығы байқалады. Мәселен, Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауынша, Азия-Тынық мұхиты мемлекеттерінде мұнайға деген сұраныстың өсімі 2025 жылға дейін  жалпыәлемдік көрсеткіштен 25 пайызға, ал газ 50 пайызға жоғары болмақ»,- деп атап өтті С. Имандосов.

Ол сондай-ақ екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты қарама-қарсы қоймау керектігін айтты. Себебі екіжақты жобалар көпжақты кооперацияның маңызды көзі болуы әбден ықтимал, және оған жобаның іске асуы бойынша үшінші мемлекеттер қосылып жатады.

Естеріңізге сала кетейік, Бейжіңде мұнай-газ форумы сәуірдің 10-нан 13-не дейін өтеді. Атамыш форумға басқа да шетел БАҚ-тары мен қатар  «ҚазАқпарат» агенттігі де қолдау білдіруде.

БЕЙЖІҢ. 10 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту