Бейжіңде мұнай-газ саласында Қытай мен Орталық Азияның ынтымақтастық мәселесі талқыланды

размер шрифта: Aa | Aa
13.04.2012 16:13
 Бейжіңде басталған VI Ресей-Қытай-Қазақстан мұнай-газ форумы барысында мұнай-газ саласындағы Қытай мен Орталық Азияның ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қытай Халықаралық институты энергетика стратегиясын зерттеу орталығының директоры Ся Ишаньның сөзіне қарағанда, қазіргі кезеңде Қытай мен Қазақстан арасындағы мұнай-газ ынтымақтастығы айтарлықтай жемісті және екі мемлекеттің мүдделігін танытады.

«Қазақстан -  мұнай мен табиғи газ өндіретін ірі орталық. Ал Қытай энергоресурстарды тұтынуда жетекші орын алады. Қытай-қазақстандық энергетикалық ынтымақтастық стратегиялық және өзара тиімді болып табылады», - деп атап өтті қытайлық сарапшы.

Қытай мен Қазақстан арасында атом энергиясын бейбіт қолдану, энергетиканың балама көздерін дамыту, атап айтқанда жел және күн энергиясын дамыту саласында ынтымақтастық жандандырылуда.

Ся Ишань атап өткендей, мұнай және табиғи газ саласында ынтымақтастық әлеуеті түгесілген жоқ. Оның пікірінше, тараптарға екіжақты қарым-қатынасты байыту үшін екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың деңгейін жан-жақты арттыру керек.

Форумның бірінші күнінде сыртқы сауда үдерісіне Ресей, Беларусь және Қазақстан арасындағы Кедендік одақтың ықпалы талқыланды. Орталық Азия РФ Сауда-өнеркәсіп палатасының аймақтық өкілі Владимир Падалко да өз көзқарасын білдірді.

Кеден одағының құрылуы КО-ға мүше-мемлекеттер мен Қытай арасында екіжақты ынтымақтастықтың қарқындылығына ықпал етеді.

БЕЙЖІҢ. 11 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту