Қазақстанның ұлттық мұнай-компанияларында қысқарту жүргізілмеуі мүмкін – дереккөз

размер шрифта: Aa | Aa
16.04.2012 17:56
«ҚазТрансГаз»»басқарушы персоналдың қысқаруға ұшырауын болдырмау үшін еншілес компанияларын «жұтып», жалғыз заңды тұлға болуды көздеп отыр, деп хабарлады агенттікке мұнай-газ саласындағы ақпаратқа қанық дереккөз.

«Самұрық-Қазынаның» (персоналды қысқарту туралы – ҚазТАГ) ұсынысы энтузиазм тудырмайды. Сол себепті «ҚазТрансГаз» басшылығы штаттық құрамды кеңейтіп, басшылар санын бұрынғы көлемде қалдыру үшін компанияны жалғыз заңды тұлға қылып, еншілес компанияларының бәрін филиалдар етіп қайта құрмақ», - деп хабарлады дереккөз.

Оның атап көрсетуінше, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның және үкіметтің басқарушы персоналды қысқарту тұрғысында көрсетіп отырған қысымына көптеген мұнай-газ құрылымдарының жауап іс-қимыл жоспарлары дайын.

«Сол бір «қысқартудың» нәтижелерінің бірі жаңа мердігерлерді тарту мақсатында жасалатын топ-менеджерлерді ауыстыру болады, шетелдік әріптестер мұны пайдаланбай отырмас», - деген сенімде дереккөз.

Ол «Қазақстан-Қытай» ірі газ құбырының операторы «Азия газ құбыры» (АГҚ) ЖШС-інің бас директорының тез арада ауысуын мысалға келтірді. «Газ құбырының 3-ші тармағының құрылысы туралы келісімге қол қойылғаннан кейін жобаға ҚХР-дан оффшорлық банктер арқылы шамамен $6 млрд инвестицияланады. Сол себепті қытайлықтар қытайлық компанияларды тапсырыстармен қамтамасыз етпек», - денді дереккөз.

АГҚ-неың қазіргі бас директоры қазақстандық мердігерлерді тартуды талап етіп, осылайша, шетелдік әріптестердің ашуын келтіріп отыр. «Басқалары да жаңа командаға ауысып жатыр», - деді дереккөз.

Оның ақпаратына сәйкес, «мұнай-газ операторының басшылығы сәуір айының басында қазақстандық делегацияның ҚХР-ға жасаған сапары барысында кадрлық орын ауыстыруларды келісіп үлгерген».

Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту