ҚМГ БӨ компаниясының дәлелденген және ықтимал мұнай қорлары 2011 жылы 2,7% -ға төмендеп, 225,8 млн тоннаға дейін жетті

размер шрифта: Aa | Aa
17.04.2012 10:47

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») компаниясының «Қазгермұнай», CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлесін қоспағанда дәлелденген және ықтимал мұнай қорлары 2011 жылы 2,7% -ға төмендеп, 225,8 млн тоннаға дейін жетті, делінген компания таратқан хабарда. 

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шартты мұнай қорларын қоса есептегендегі ресурстарға Gaffney, Cline & Associates («GCA») компаниясы жүргізген аудиттің нәтижесін жариялайды.
Қорлар мен ресурстардың тәуелсіз есебі Petroleum Resources Management System (PRMS), World Petroleum Council, Америкалық Геологтар Қауымдастығы мен Society of Petroleum Evaluation Engineers халықаралық талаптарына сай жүргізілді.

Gaffney, Cline & Associates («GCA») тәуелсіз компаниясының есебіне сәйкес, ҚМГ БӨ-нің «Қазгермұнай», CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлесін қоспағанда, «дәлелденген, ықтимал» (2Р) санаты бойынша алынатын мұнай қорлары 225 816 мың тоннаны (1 661 млн. баррель) құрады. Қорлардың жыл ішіндегі шамамен алғандағы 7,9 млн. тонна (58 млн. баррель) өндіру көлеміне қатысты 1,6 млн. тоннаға (12 млн. баррельге) өсуі ретінде есептелген қорлардың орнын толтыру коэффициенті 21 пайызды құрады. 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша 2 Р санаттағы қорлардың еселігі 29 жылды құрады.

«Дәлелденген» (1Р) санаты бойынша қорлар 76 294 мың тоннаны (561 млн. баррель), ал «дәлелденген, ықтимал және мүмкін болатын» (3Р) санаты бойынша 266 809 мың тоннаны (1 962 млн. баррель) құрады.

ҚГМ және CCEL компанияларының «дәлелденген, және ықтимал» (2Р) санатындағы жалпы мұнай қорларындағы ҚМГ БӨ үлесі 21, 211 мың тонна (152 миллион баррель) мұнайды, 495 мың тонна конденсат және 2 064 миллион текше метр газды құрайды. ПҚИ компаниясының «дәлелденген, және ықтимал» (2Р) санатындағы мұнай қорларын бағалау 2010 жылдың 31 желтоқсанынан бері PRMS халықаралық талаптары бойынша жүргізілмеген. Соңғы мәлімет бойынша, компанияның қорлары 329 миллион баррель мұнай мен конденсатты құрайды.

GCA есебі алғаш рет бірнеше кен орны мен барлау блоктарының шартты қорларын қамтыды. GCA есебіне сәйкес, 2С санатындағы шартты қорлар 2011 жылы артты. 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 8,579 мың тонна деп бағаланған мұнай мен конденсат қоры 20,828 мың тоннаға жетсе, 2011 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша газ қоры 7,850 миллион текше метрді құрады. Бұл өсім Федоровский блогын сатып алу және ӨМГ активінің өндіру мүмкіншілігін GCA компаниясының мойындауына байланысты.

ҚМГ БӨ Бас директоры Алик Айдарбаев былай деді: «Біз жеті-сегіз жылға жоспарланған геологиялық барлау жұмыстардың бағдарламасын іске асырудың бастапқы кезеңінде тұрмыз. Жақында сатып алынған активтердің аудиті геологиялық барлау активтеріміздің қоржынын толықтыру жұмысының аясындағы біздің қарқынды ілгерілеуімізді тұрақты бағалаудың бастамасы деп білеміз».
Анықтама:

Шартты қорлар – қолда бар ақпарат бойынша, кен орындарынан игеруге болатын, бірақ қандай да бір себептерге байланысты коммерциялық өндіруге жарамайды деп саналатын көмірсутектер.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2011 жылы 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2011 жылдың соңындағы жағдай бойынша 226 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,1 млрд. жуық баррелді құрайды. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың желтоқсанында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде және 2011 жылдың қыркүйегінде GAMMA корпоративтік басқару рейтингін «GAMMA-6» деңгейінде растады, деп көрсетілген компания баспасөз қызметі таратқан хабарда.
 

Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту