Мұнай өнімдерін сатушылардың жартысынан көбі сапасыз ЖЖМ сатады, деп хабарлайды ИЖТМ

размер шрифта: Aa | Aa
18.04.2012 10:08


Тексеру барысында мұнай өнімдерін сатушылардың жартысынан көбі сапасыз ЖЖМ сатқаны анықталды, деп хабарлады ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі.

«Мұнай өнімдерін сататын кәсіпорындарға 65 тексеру жүргізілді, 37 жағдайда бұзушылықтар анықталды (58,5%)», - делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, тексерулердің қорытындысы бойынша Т135,68 млн соманың 83 партиясын сатуға тыйым салынып, Т1,62 млн соманың айыппұлдары салынды.

«Атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша департамент «Азиат 2004» ЖШС-інде АИ-93 маркалы бензинінің сынамасындағы октан көлемі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтінін, 92,4 құрайтынын анықтады. Тексерудің нәтижесі бойынша аталған марканың бензині АИ-92 ретінде сатылып жатыр», - делінген ақпаратта.

Бұдан басқа, жоспарлы мемлекеттік бақылау жүргізу барысында Қарағандыда «Seda» ЖШС-інде 6 стационарлық ЖҚС пен жанар-жағармай материалдарының 1 қоймасы тексерілді. Тексерудің нәтижесінде «Бензиннің, дизель отыны мен мазуттың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарын бұзу фактілері анықталды.

«Ресейде шығарылған «Регуляр евро-92» маркалы бензинінің төлқұжатында отынды қауіпсіз сақтау, тасымалдау, сату, қолдану және жою бойынша мәліметтер жоқ», - делінген баспасөз хабарламасында. 


Астана. 17 сәуір. ҚазТАГ 


PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту