«ҚазТрансОйл» I тоқсанда мұнай тасымалын 1%-ға ұлғайтты

размер шрифта: Aa | Aa
18.04.2012 10:09


 I тоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесі арқылы жеткізілетін мұнай тасымалының көлемі 13,5 млн тоннаны құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда 1% көп, делінген компания ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, жүк тасымалы 8,387 млрд т/шақырымды құрады. 2011 жылғы ұқсас мерзіміне келетін болсақ, аталмыш көрсеткіш 8% төмендеді.

ҚР мұнай өңдеу зауыттарына ресейлік мұнай тасымалы көлемінің төмендеуіне, сондай – ақ, «ҚазТрансОйл» АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесіне Қазақстандық жеке мұнай өңдеу компанияларының мұнай тапсыруының азаюына байланысты 2012 жылдың қаңтар-ақпан айларында жүк тасымалы көлемі төмендеді.

Компания Еділ суын Астрахань-Маңғышлақ су құбыры арқылы Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына жеткізумен айналысады. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында су тасымалы 5,377 млн шаршы метрді құрады, бұл 2011 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 8% артық.

«ҚазМұнайГаз» ҰК құрамына кіретін «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзындығы 5,3 мың шақырымға жететін магистралды мұнай құбыры жүйесі арқылы мұнай жеткізумен айналысатын  қазақстандық мұнай тасымалының басты операторы болып табылады. Бүгінгі таңда компания Қазақстанда шығарылатын барлық мұнайдың 60%-на дейінгі мөлшерін тасымалдайды.


Алматы. 17сәуір. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту