«ҚазМұнайГаз» 2010 жылғы сатып алулар жоспарын оңтайландыру мақсатында арнайы комиссия құрды

размер шрифта: Aa | Aa
18.04.2012 10:11


«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) 2012 жылға арналған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу жоспарын оңтайландыру бойынша арнайы комиссия құрды, делінген ұлттық компанияның ақпаратында.

Құжатқа сәйкес, ҚМГ жаңа басшылықтың келуімен сатып алудың мақсаттылығы мәселесіне ерекше назар аударып отырғанын мәлімдейді. Мысалы, үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында бұрын жасалған ҚМГ сатып алу жоспарына талдау жасау жұмысы басталды, жаңа тендерлер уақытша тоқтатылды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-ның қаржысын тиімді пайдалануға талдау жасау мақсатында ҚМГ басқарма төрағасы Л.К. Қиыновтың 2012 жылғы 11 сәуірдегі №127 бұйрығымен  2012 жылға арналған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарын оңтайландыру жөніндегі арнаулы комиссия құрылды», - делінген сейсенбі күні таратылған ақпаратта.

Құрамына аудиторлар, заңгерлер және экономистер кірген комиссия қазіргі уақытта ҚМГ бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің берген сатып алудың мақсаттылығы, баға маркетингі негіздемелерін зерттеп, қазақстандық қамтуға талдау жасауда. Сондай-ақ сатып алынған жағдайдағы экономикалық, әлеуметтік тиімділіктің қандай болатындығы зерделеніп, сатып алудан бас тартқан жағдайдағы тәуекелділік бағалануда.

ҚМГ ұсынысы бойынша осындай іс-шаралар таяу уақытта компанияның еншілес және тәуелді кәсіпорындарында да жүргізілетін болады.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу, тасымалдау бойынша ұлттық оператор. ҚМГ ҰК акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі.

Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ 



PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту