Атырауда «Теңізшевройл» ЖШС жаңа 15 мың жұмыс орнын құрады

размер шрифта: Aa | Aa
18.04.2012 15:32
Атырау облысында Теңіз кен орнында мұнай өндіру бойынша үшінші зауыттың құрысына кіріскен «Теңізшевройл» ЖШС компаниясында 15 мың жұмыс орны құрылады. 

ТШО бас менеджері Ырзабек Артығалиев мәлім еткендей, жобаның бағдарлы құны 20 млрд. доллар. Жобалық қуаттылыққа көшкеннен кейін, Теңіз кенішінде мұнай өндірісі жылына қазіргі 24 млн.-тоннадан 36 млн. тоннаға дейін артады.

«Жұмысы 2019 жылы аяқталуы тиіс зауыт Атырау облысындағы Теңіз және Корольдік кен орындарда мұнай өнімінің көлемін арттыру бойынша ең соңғы ірі жоба болып табылады. Жаңа жоба жергілікті жобалық институттарды, жергілікті еңбек резервтерін қолдану арқылы қазақстандық құрамның үлесін арттырады. Жобаның қажеттілігі үшін қызметтер мен материалдарды ұсынуға, сондай-ақ жоба бойынша жұмыс істеп жатқан адамдардың табысын арттыруға жұмылдырылған жергілікті компаниялардағы косымша жұмыс орындары, бүтін Қазақстан бойынша жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізетін болады», - деді Р. Артығалиев.

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту