Жайық өзені арқылы 1800 тонналық жүктер тасымалданады - Атырау

размер шрифта: Aa | Aa
18.04.2012 15:34
«Теңізшевройл» компаниясы Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жүргізетін жаңа зауыт модульдерден құрастырылатын болады.

«Салмағы 1800 тонна болатын болашақ зауыттың модульдерін жеткізу үшін бізге Жайық өзенінде кеме жүретін арналарды айтарлықтай тереңдету керек», - деп хабарлады ТШО-дың бас менеджері Ырзабек Артығалиев.

Р.Артығалиевтың айтуынша, зауыт модульдері көбінесе Еуропада жиналады. Ол жақтан Қазақстанға бірнеше бағдар - Балтық, Қара және Азов теңіздері, содан кейін Еділ-Дон каналы және Жайық өзені арқылы жүреді.

«Кеме жүретін арналарды даярлаудан басқа, компания Атыраудан Теңіз кен орнына дейін жаңа жолды салмақшы. «Атырау-Ақтау» жолын жауып тастамау үшін жүктер сол жолмен тасымалданатын болады. Жол қолданыстағы КҚК құбырының бойымен өтетін болады», - деп ақпараттандырды Р.Артығалиев.

ТШО-ның Теңіз кен орнындағы үшінші зауытының бағдарлы бағасы - 20 млрд. АҚШ доллар. Ол жобалық қуаттылығына шыққан соң Теңізде мұнайды өндіру қазіргі 24 млн. тоннадан 36-ға дейін артады.

АТЫРАУ. 18 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту