«Қазатомөнеркәсіп» басшысы компанияның І тоқсандағы қызметінің нәтижесі бойынша есеп берді

размер шрифта: Aa | Aa
24.04.2012 11:05


«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының басшысы Владимир Школьник ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа компанияның 2012 жылдың І тоқсанындағы қызметінің нәтижесі бойынша есеп берді, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

«Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ президенті Владимир Школьникті қабылдады. В.Школьник президентке "Қазатомөнеркәсіп"ҰАК-ының 2012 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмысының қорытындылары туралы, сондай-ақ, баламалы энергетика саласындағы жобалар туралы баяндады», - делінген дүйсенбі күні Ақ орда сайтында жарияланған ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, 2012 жылдың бірінші тоқсанында компания өндірістік көрсеткіштің белгіленген деңгейіне қол жеткізді. Барлық келісім-шарт бойынша келісілген міндеттемелер толық көлемде орындалды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуілді кәсіпорындардың қатысу үлесін ескергенде, 2012 жылдың 3 айында 2656 тонна уран өндірді, бұл 2011 жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіштен 4%-ға жоғары. Компанияның шоғырландырылған кірісі 51 млрд теңгені құрады», - делінген ақпаратта.

Даму бағдарламасына сәйкес, бірінші тоқсанда ядролық отынды конверсиялау, байыту және өндірісі саласындағы компания қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша жұмыстар жалғасын тапты, делінген мәтінде.

Кездесудің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» басшысының алдына нақты міндеттер қойып, бірқатар тапсырмалар берді.


Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ  

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту