ҚР Үкіметі Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекітті

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2012 13:33
ҚР Үкіметі Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру  қағидаларын бекітті, деп хабарлайды ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 30 желтоқсан, № 1709

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы

«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсан
№ 1709 қаулысымен бекітілген

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары

1.Жалпы ережелер
1. Осы Мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) "Мұнай өнімдерінің жекеленген түрлерін өндіруді және олардыңғ айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген жәнемұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі - өтініш берушілер) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына берілетін дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі - ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.
2.ДСН-кодтарын беру тәртібі
2. Мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінде (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) тіркеу есебінде тұрған өтініш берушілер қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымша сәйкес аумақтық бөлімшелерге ДСН-кодтарын беруге арналған өтінімдерді мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей береді. Бұл ретте, өтініш беруші мемлекеттік тізілімде тіркелген бензиннің, авиациялық және дизель отынының, мазуттың тиісті түріне сәйкестік сертификаттарының көшірмесін, ал мұнай өнімдерін өндірушілер - мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалануға, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистарльдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензияның көшірмесін ұсынуы тиіс.
3. Аумақтық бөлімшелер ДСН-кодын беруге арналған жиынтық өтінімді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнідерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге, Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімінің әрбір атауы бойынша мұнай өнімдері айналымы саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) өтініш берушінің мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмей жібереді.
4. Уәкілетті орган мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізішулерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензиннің, авиациялық және дизель отыны мен мазуттың әрбір маркасына оларды жиынтық тізілімге енгузі арқылы ДСН-кодтарын беруді қамтамасыз етеді.
5. ДСН-кодтарын құру кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
6. Уәкілетті орган берілген ДСН-кодтары туралы аумақтық бөлімшелерді өтініш берушінің мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
7. Аумақтық бөлімшелер мұнай өнімдерін өндірушілерді, мұнай өнімдерін импортттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерді ДСН-кодтар берілгені туралы өтініш беруші мұнай өнімдерін сатуды жүзеге асыру жоспарланып отырған айдың 1-күніне дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей хабардар етеді.
8. Осы Қағидалардың 2-тармағында аталған құжаттар ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде уәкілетті орган ДСН-кодын беруден бас тартады.
9. Уәкілетті орган ДСН-кодын беруден бас тарту туралы аумақтық бөлімшелер мен мұнай өнімдерін өткізуді жоспарланған өтініш берушіні жиынтық өтінім жіберілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде жазбаша хабардар етеді.

Ресми құжаттың мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды.

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту