ҚР-да Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны және оны жүргізу қағидалары бекітілді

размер шрифта: Aa | Aa
22.04.2012 13:34
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1710 қаулысымен бекітілген Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1710 қаулысы

Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары;
2) автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1710 қаулысымен бекітілген

Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын
есепке алу журналын жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу тәртібін айқындайды, оны мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды түлғалар ресімдейді және автожанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерінің қозғалысы туралы мәліметтер көрсетіледі.
2. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын
есепке алу журналын ресімдеу және толтыру тәртібі
3. Автожанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде міндетті түрде осы қаулымен бекітілген нысан бойынша автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырады.
4. Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі және жеке немесе заңды тұлғаның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) куәландырылады және аталған журналды жүргізуге тағайындалған жауапты тұлға қол қояды.
1-бағанда мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе өткізу жасалған күні, айы көрсетіледі.
2-бағанда мұнай өнімінің коды - дербес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
3-бағанда жұмыс күні басындағы жеке немесе заңды тұлғада бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөлшері) (тоннамен, килограммен) көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс істеу режимінде - ауысымның басында.
Бұл көрсеткіш алдыңғы жұмыс күнінің немесе ауысымның соңындағы қалдықтардан көшіріледі.
Автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату бойынша қызметін алғаш бастаған жеке немесе заңды тұлғалар осы бағанды толтырған кезде мұнай өнімдерінің нөлдік қалдығын көрсетеді (қызметін бастаған күніне);
4-бағанда мұнай өнімдерінің сатып алынған (мұнай өнімдері базасы немесе резервуарлардан ауыстырылған) мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі;
5-бағанда мұнай өнімдерінің отын-үлестіру колонкалары арқылы сатылған мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
6-бағанда жұмыс күнінің соңына жеке және заңды тұлғаларда бар мұнай өнімдерінің қалдығы (мөл­шері) көрсетіледі (тоннамен, килограммен). Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңында.
7-бағанда мұнай өнімдерін жеткізушінің атауы көрсетіледі.
8-бағанда мұнай өнімдерін жеткізуші салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) көрсетіледі (жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі - БСН) толық ауысқанға дейін) және болған жағдайда ЖСН/БСН көрсетіледі.
9-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының нөмірі көрсетіледі.
10-бағанда мұнай өнімдеріне ілеспе жүк құжатының күні (күні, айы және жылы) көрсетіледі.
11-бағанда ілеспе жүкқұжатына сәйкес сатып алынған (мұнай өнімдері базасынан немесе резервуарлардан ауыстырылған) мұнай өнімдерінің мөлшері (тоннамен, килограммен) көрсетіледі.
12-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі, қолы қойылады.
5. Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларынан, сондай-ақ жылжымалы түрде автожанармай құю станцияларынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату жөніндегі операцияларды жүргізген кезде автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын толтырумен бір мезгілде тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтырады.
Тұрақты және контейнер түріндегі автожанармай құю станцияларында отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштерінің көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналына қосымшаны толтыру тәртібі
1-бағанда отын-үлестіру колонкалары арқылы мұнай өнімдерін сатып алу (орнын ауыстыру) немесе сату жүзеге асырылған күн және ай көрсетіледі.
2-бағанда мұнай өнімдерінің түрлері көрсетіледі.
3 және 4-бағандарда жұмыс күні басына отын-үлестіру колонкаларын есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде -ауысымның басына.
Аталған көрсеткіштер жеке немесе заңды тұлғалардағы отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда аталған бағандар көбейеді (азаяды);
5 және 6-бағандарда жұмыс күні соңында отын-үлестіру колонкалары есептеуіштерінің көрсеткіштері көрсетіледі. Тәулік бойы жұмыс режимінде - ауысымның соңына.
Бұл көрсеткіштер жеке немесе заңды тұлғалардағы отын-үлестіру колонкаларының санына байланысты көрсетіледі, қажет болған жағдайда бұл бағандар көбейеді (азаяды).
7 және 8-бағандарда жұмыс күні (ауысым) ішінде отын-үлестіру колонкаларының есептеуіштері арқылы сатылған мұнай өнімдерінің мөлшері көрсетіледі.
9-бағанда көрсетілген журналды жүргізуге жауапты тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі, қолы қойылады.

Мақұлданған құжаттың мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды.

АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту