Атырау облысында Өмірзақ Шөкеев мұнай-химия саласымен танысу үстінде

размер шрифта: Aa | Aa
24.04.2012 13:36
 Бүгін Атырау қаласына үш күннің ішінде облыстық мұнай-химия саласының негізгі нысандарына баруды жоспарлап отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев келді.

Танысу Атырау облысының Жылыой ауданында Теңіз кен орнын өңдеп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС-іне барудан басталды. Өткен аптада мәлім етілгендей, Теңізде мұнайды дайындау бойынша үшінші зауыт салынатын болады. Содан кейін кен орнындағы өндіру жылына 24 млн. тоннадан 36 млн. тоннаға дейін жетеді. Құрылыс кезеңінде 15 мың жұмыс орны құрылады.

Ертең Өмірзақ Шөкеев Каспий теңізінің қайраңындағы «Д» аралына бармақшы. Ағымдағы жылдың аяғында ондағы Қашаған кен орнында алғашқы мұнайды шығару басталуы тиіс. Одан кейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы «Болашақ» мұнай дайындау қондырғысы құрылысының қатысушыларымен жұмыс кездесуін өткізуге тиісті, онда ол жылдық қуаттылығы 1 млн. 250 мың тонна полиэтилен және полипропилен шығаратын Қазақстандағы бірінші газ-химия кешені құрылысының басталуымен танысып өтеді. Солтүстік-Каспий экологиялық базасының мұнай төгілуіне әрекет ету құрылыс алаңына бару жоспарланып отыр.

Өмірзақ Шөкеевті Атырау мұнай өңдеу зауытында да күтуде, ол жерде хош иісті көмірсутектерін шығару бойынша мұнайды тереңдеде өңдеу кешенінің құрылысы басталуда.

Облыста болатын үшінші күні Ө.Шөкеев «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының мұнай-газ басқармаларының біріне барып, отандық мұнайшылармен кездесу өткізуді жоспарлауда.

АТЫРАУ. 23 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту