Мұнайгаз секторындағы қызметте «ұлттық чемпиондар» даярлаудың арнайы саясаты қажет

размер шрифта: Aa | Aa
25.04.2012 13:37
Мұнайгаз секторындағы ірі қазақстандық сервистік компаниялар арасынан «ұлттық чемпиондар» даярлаудың нақты саясатын әзірлеу қажет.

Бұл туралы бүгін Қазақстанның сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы  Жандарбек Кәкішев «Қазмұнайгазсервис-2012» конференциясы барысында мәлім етті.

«Одақтың мақсаты - мемлекеттік органдармен және ұлттық компаниялармен бірлесе отырып, қазақстандық ірі сервистік компаниялар арасынан «ұлттық чемпиондар» даярлау саясатын әзірлеу болып табылады. Мұндай үдерістен еліміздің барлық мұнайгаз секторының компаниялары өтуі тиіс.  Және біз бұл бағыттағы жобаларға тең дәрежеде қатысу мүмкіндігінің болғандығын қалаймыз», - деді Ж.Кәкішев.

Бұдан бөлек, конференция барысында жекелеген қазақстандық сервистік компаниялардың соңғы 10 жылда ілгерілеу қадамы айтарлықтай болғандығы атап өтілді. Мәселен, мұнайгаз секторындағы сервистік қызметте  «Мехқұрылыссервис» АҚ, «ЕР САЙ» ЖШС,  «Каспиан Контракторс» АҚ, «ҚазҚұрылысСервис»АҚ және басқа да бірқатар отандық компаниялар табысты қызмет көрсетіп келеді. Осындай тәжірибеде шыңдалған компаниялар мұнайгаз секторындағы сервистік қызметтерді бастан аяқ атқаруға әзір. Өйткені, көпжылдық қызмет арқасында аталған компаниялар жаңа технологиялармен және әлемдік санаттағы жабдықтармен жарақталған, сондай-ақ осы секторда қызмет ететін халықаралық сервистік компаниялармен орындалған жұмыс ауқымы мен сапасы жағынан да бәсекеге түсе алады.

«Сондықтан да, қазақстандық бұндай сервистік компанияларға мемлекет тарапынан қолдау мен жәрдем қажет», - дейді Ж. Кәкішев.

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту