Ұлттық компаниялар қазақстандық тауар өндірушілер үшін өткізу нарығын кепілдендіретін болады

размер шрифта: Aa | Aa
25.04.2012 13:38
Ұлттық компаниялар алдағы уақытта қазақстандық тауар өндірушілер үшін өткізу нарығын кепілдендіретін болады.

Бұл туралы бүгін «Қазмұнайгазсервис-2012» конференциясы барысында «NADLog» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Арман Шәріпов мәлім етті.

«Қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі жұмыстардың маңызды кезеңінің бірі «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңның күшіне енуімен байланысты болмақ. Аталған құжатта қолданыста жұмыс істеп тұрған өндірістерді жетілдіру мен жаңғырту жөніндегі шаралардың кең ауқымы қарастырылып отыр. Мұнда біздің отандық тауар өндірушілеріміз үшін қаржылық және инновациялық-технологиялық қолдаулар да қамтылады», - дейді Арман Шәріпов.

Кеңесшінің айтуынша, Заңның 19-бабында қазақстандық өндірісшілерге өнімнің жаңа түрлерін игерулері үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін кепілдендірілген тапсырыс та қарастырылып отыр. Осы тетікті ынталандыру үшін алдағы уақытта ұлттық компаниялар өндірілген өнімнің өткізу нарығын кепілдендіретін болады. «Кепілдендірілген тапсырыс ұлттық компаниялар мен қазақстандық өндірушілер арасында 3 жылдан кем болмайтын ұзақмерзімді келісімшарттар жасау жолымен жүзеге асатын болады. Бұл ұлттық компаниялар мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің арасында жасалған технологиялық меморандум негізінде жүзеге асады», - дейді А. Шәріпов.

Оның айтуынша, «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңда тауар, жұмыс және қызмет ұсынушы отандық тауар өндірушілердің мәліметтер базасын қалыптастыру көзделіп отыр.  Бұл шара да қазақстандық өндірушілер үшін олардың өнімін өткізу нарығын қамтамасыз етуге септігін тигізбек.

АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту