Теңізден мұнай шығару бірегей кен орнына зиян келтірмеуі тиіс - Өмірзақ Шөкеев

размер шрифта: Aa | Aa
26.04.2012 13:47
 Атырау облысында жүрген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев теңіз кен орнында болып, мұнда «Теңізшевройл» ЖШС және ұлттық компаниялар басшылығымен кеңес өткізді.

Бұрын мәлімденгендей, теңізде мұнайды дайындау бойынша үшінші зауыт салынады. Одан кейін кен орнындағы мұнай шығару жылына 24 млн. тоннадан 36 млн. тоннаға дейін өседі. Құрылыс кезеңінде 15 мың жұмыс орны құрылады. Бірақ кеңейту жобасы келісілуде және әзірше оған ресми қол қойылған жоқ.  Негізгі себеп - қазақстандық тараптың жобаның кейбір техникалық бөлшектеріне, сондай-ақ оның бағасына келіспеуі.

Мамандардың айтуынша, Қазақстан мен «Шеврон» бірлестігінің келісім мерзімі аяқталатын 2033 жылға дейін теңіз кен орнындағы мұнай ұңғыларының дебиті айтарлықтай төмендеуінің қауіптенуі бар. Бұл оның кейінгі өңделуін қымбаттатады.

«Біз жаңа жобалардың іске асырылуына қарсы емеспіз. Бірақ кен орындары шетелдік инвесторлармен келісім мерзімі кезінде ғана емес, мерзім аяқталғаннан кейін де халық игілігі үшін жұмыс істеулері керек. Сондықтан біз үшін бастысы - «Шеврон» кеткен соң мұнда не қалады? Сұрағына жауап алу. Сондықтан мұнай шығару көлемдерін арттырумен бірге тұрғындардың, елдің мүдделерін ескере отыру қажет», - деп мәлімдеді Өмірзақ Шөкеев.

Қазіргі уақытта Теңіз кен орнының шығарылып жатқан қорлары 1 млрд. 125 млн. тоннаға, геологиялық қорлары - 3 млрд. 133 млн. тоннаға бағаланады.

Бүгін Өмірзақ Шөкеев Каспий теңізінің қайраңындағы «Д» аралына бармақшы. Ағымдағы жылдың аяғында ондағы Қашаған кен орнында алғашқы мұнайды шығару басталуы тиіс. Одан кейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы «Болашақ» мұнай дайындау қондырғысы құрылысының қатысушыларымен жұмыс кездесуін өткізуге тиісті, онда ол жылдық қуаттылығы 1 млн. 250 мың тонна полиэтилен және полипропилен шығаратын Қазақстандағы бірінші газ-химия кешені құрылысының басталуымен танысып өтеді. Солтүстік-Каспий экологиялық базасының мұнай төгілуіне әрекет ету құрылыс алаңына бару жоспарланып отыр.

Өмірзақ Шөкеевті Атырау мұнай өңдеу зауытында да күтуде, ол жерде хош иісті көмірсутектерін шығару бойынша мұнайды тереңдете өңдеу кешенінің құрылысы басталуда.

Облыста болатын үшінші күні Ө.Шөкеев «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының мұнай-газ басқармаларының біріне барып, отандық мұнайшылармен кездесу өткізуді жоспарлауда.

АТЫРАУ. 24 сәуір. ҚазАқпарат
PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту