«Қашаған» теңіздік кен орнының мұнайын Қазақстан биылғы жылы алады - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ө.Шөкеев

размер шрифта: Aa | Aa
25.04.2012 13:48
Атырау облысында жүрген «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев бүгін «Қашаған» теңіздік кен орнына барды.

Теңіздік мұнайдың негізгі мөлшері өндірілетін «Д» жасанды аралында Өмірзақ Шөкеев бірінші кезекте технологиялық нысандардың пайдалануға берілу дайындығына ден қойды. Бұл содан кейін қашағандық мұнайды экспортқа жіберуге дайындау үшін салынған «Болашақ» зауытында өткен жиын барысында да негізгі мәселе болды.

Ө.Шөкеевтің журналистерге хабарлауынша, инвесторлар алдына 2012 жылдың аяғына қарай мұнайды алғашқы коммерциялық өндіру міндеті қойылды.

«Ешқандай техникалық өткір мәселелер жоқ. Әңгіме тек біздің техникалық органдарымызбен келіссөздерді аяқтау туралы ғана болуда. «Болашақ» зауыты да мұнайды өндіруге дайын. Қазақстандық мазмұнмен, әлеуметтік мәселелермен, құрылыстан кейін жұмыссыз қалатын адамдардың жұмысқа орналасуымен байланысты бірқатар мәселелер бар», - деп мәлімдеді Ө.Шөкеев.

Ол Қазақстандағы қуаттылығы жылына 1 млн. 250 мың тонна полиэтилен және полиропилен шығаратын алғашқы газ-химиялық кешеннің құрылысының басталуымен танысып өтті. Атыраудағы құрылысы жүргізіліп жатқан хош иісті көмірсутектерін шығару кешеніне, құрылыс басталған мұнайды тереңдете өңдеу кешенінің  мұнай айыру зауытына барды.

Ертең Ө.Шөкеев «Ембімұнайгаз» өндірістік бөлімшесінің мұнай-газ басқармаларының біріне барып, ондағы отандық мұнайшылармен кездесу өткізуді жоспарлауда.

АТЫРАУ. 24 сәуір. ҚазАқпарат 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту