Қазақстан Қырғызстанға экспортталатын газ құнын көтеруі мүмкін

размер шрифта: Aa | Aa
27.04.2012 10:54

Ақжол Сәдешов. Қазақстан Қырғызстанға экспортталатын табиғи газ құнын көтеруі мүмкін, деп хабарлады «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Нұрбол Сұлтан.  

«Қарыз көлемі $7,5 млн оған қоса біз «ҚырҚазГаз» бірлескен кәсіпорнына салған $12,5 млнқаражат бар. Бұл ақшаның барлығы әлі қайтқан жоқ. Біз қырғыздар тарапына барлық деңгейде бірнеше рет айттық. Бұл мәселе әзірге шешілмей отыр. Біз бұдан шығудың бір жолын ұсындық – ол тарифті көтеру, яғни газдың құнын осы қайтпай жақтан қарызды есептеп көтеруді ұсындық», - деді ол ҚазТАГ тілшісіне бейсенбі күні.

Оның айтуынша осы туралы үсыныс Қазақстан үкіметіне жіберілді және ол қазір қаралу үстінде.  

«Өз кезегінде біз қырғыздар тарапын, егер қарыздар қайтарылмаса, 1 мамырдан бастап газ беруді доғаратындығымыз туралы ескерттік», - деді ол.

«ҚазТрансГаз» АҚ мұнайгаз саласындағы жұмысты реттеу үшін 2000 жылы құрылғын. Компания газ кеніштерін барлауда, өндіруде, тасымалдауда, таратуда корпоративтік басқаруды іске асырады.  «ҚазТрансГаз» тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы, және газ өңдеудің өнімдерін сатушы кәсіпорындар мен сервистік қызмет көрсететін мекемелер кіреді.  

Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту