Назарбаев «Шевронның» Қазақстандағы жұмысына қанағаттанады

размер шрифта: Aa | Aa
27.04.2012 10:57
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының басшылығын қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Қазақстан президенті еліміз үшін өте қиын жылдары Қазақстанға келген «Шеврон» компаниясымен табысты ынтымақтастық орнағанын атап өтті», - делінген бейсенбі күні таратылған баспасөз хабарламасында.

«Мен сіздің жұмысыңыздың көрсеткіштерімен танысып шықтым, біздің тарапымыздан ешқандай ескертулер жоқ. Мұнай өндіру 20 миллион тоннаға дейін ұлғайды. Бұл Қазақстанның қолда бар әрі ұтымды автиві. Біз өндіру көлемін одан әрі ұлғайту ниетінде болуымыз керек. Сонымен қатар, компания қазақстандық мазмұнмен айналысуда, жұмысшылардың 86% - Қазақстан азаматтары. Сіздердің тапсырыстарыңыздың арқасында отандық кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары ашылуда», - деп мәлім еткен президенттің сөздері келтіріліп отыр.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстанда маңызы үлкен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап көрсетті. «Біз үш ірі мұнай нысаны – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кәсіпорындар құру, өз кен орындарында қызмет көрсету үшін осы бағдарламаға белсенді қатысуы тиіс деп есептейміз», - деді Н. Назарбаев.

«Шеврон» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Д.Уотсон президентті компанияның Қазақстандағы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.   

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту